Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі" КММ

МЕНЮ

            Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 10 ақпан күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында Білім алушылардың назарына интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың интернетке кіру белсенділігін бақылау мақсатында Білім алушылар арасында 10 ақпан Халықаралық интернет күніне орай "Пайдалы және қауіпсіз интернет" тақырыбы бойынша пікірсайыс іс-шарасы ұйымдастырылды.

       

                   Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 6 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында Білім алушыларға халық ауыз әдебиетімен таныстыру, ертегі арқылы мейірімділікке, адамгершілікке, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулу мақсатында 1-сынып оқушыларымен "Әжемнің ертегісі-ұрпаққа аманат" атты тәрбиелік іс- шара өткізілді. Шара барысында балалар әженің өнегелі ертегілерін тыңдады. Оқушылар достықтың, еңбексүйгіштіктің және мейірімділіктің маңызын түсінді. Балалар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл -күй сыйлап, тәрбиелік мәнімен ерекшеленді. Мектеп кітапхана меңгерушісі Сағындықова Назеркенің ұйымдастыруымен өткізілді.

              Шу ауданы білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 9 ақпан күнінің  жоспарға сәйкес «Қазақ поэзиясының мұзбалағы» атты тақырыпта мұғалімдер арасында сайыс өтті.  Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру, оның қазақ әдебиетіндегі айрықша орнын көрсету. Ақын өлеңдеріндегі терең ой, шынайы сезім, адамгершілік, махаббат, туған жерге деген сүйіспеншілік сияқты негізгі тақырыптарды талдау арқылы әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Мұқағали поэзиясының тәрбиелік мәнін түсіндіру, жас ұрпақты елін, жерін сүюге, адамды қадірлеуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, көркем мәтінді түсініп оқу, өз ойын еркін жеткізу, әдеби талдау жасау қабілеттерін дамыту.  Сайыс қызықты да тартысты өтті. Жеңіске жеткен Есеналиева Айида Жанайдарқызы.

                

              Шу ауданы білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 9 ақпан күнінің  жоспарға сәйкес "Тіл — ұлттың жаны, әдебиет —ұлттың айнасы" атты айлықтың "Әдебиет — рухани мұра" тақырыбындағы апталықтың ашылу жиыны өтті. Жиында осы аптаның мақсат, міндеттерімен таныстырылды. Қазақ әдебиетінің классиктері — біздің рахани байлығымыз екені айтылып, ол кісілердің өсиет хаттарымен танысып шықты. "Рухани мұра картасы" атты жарыс жүргізіп, оқушылардың әдебиет классиктерін қаншалықты білетіндері туралы сынға түсіп, әдебиетке деген қызығушылықтары арта түсті.

                   

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Еңбекші орта мектебі" КММ