Шу ауданы білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 4 ақпан күнінің жоспарға сәйкес "Тіл — ұлттың жаны, әдебиет — ұлттың айнасы" атты айлықта 5-6 сынып оқушылары арасында "Сөз мерген" зияткерлік ойын болып өтті. Ой өрісі кең, сөзге шешен, тілге жүйрік қатысушыларымыз тағы бір мәрте тілінің байлығын паш етті. Ойын қорытындысы бойынша 6 А сынып оқушылары жеңімпаз болды. Іс-шара оқушыларымыздың тілдерінің өтімді, ойларының ұшқыр болуына септігін тигізді. Оқушылардың тілге деген қызығушылықтары арта түскеніне куә болдық.



