Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі" КММ
Шу ауданы білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 6 ақпан күнінің жоспарға сәйкес "Тіл — ұлттың жаны, әдебиет — ұлттың айнасы" тақырыбындағы айлықтың алғашқы аптасында 8--сынып оқушыларымен "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік сайысы болып өтті. Әр кезеңде өздерінің зияткерлік қабілеттерін, жылдам ойлауларын және көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді. Пәнге деген қызығушылықтары, өздеріне деген сенімдері артып, сайыс қызықты да тартысты өтті. Жеңімпаз 8 А сынып оқушысы Нығман Жанарыс болды. Сайыс оқушылардың шапшаңдық, тапқырлық, біліктілік дағдыларын арттыра түсті.

Шу ауданы білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 5 ақпан күнінің жоспарға сәйкес "Тіл — ұлттың жаны, әдебиет — ұлттың айнасы" тақырыбындағы айлықтың алғашқы аптасында 7-сынып оқушыларымен "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік сайысы болып өтті. Оқушылар сайыс барысында өте белсенді, білімді, тапқыр және шыдамды болды. Әр кезеңде өздерінің зияткерлік қабілеттерін, жылдам ойлауларын және көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді. Жеңімпаз 7 А сынып оқушысы Қайымбек Нұрлыбек болды. Сайыс өз мақсатына жетіп, оқушылар ерекше жақсы көңіл-күйге ие болды.

Шу ауданы білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 4 ақпан күнінің жоспарға сәйкес "Тіл — ұлттың жаны, әдебиет — ұлттың айнасы" атты айлықта 5-6 сынып оқушылары арасында "Сөз мерген" зияткерлік ойын болып өтті. Ой өрісі кең, сөзге шешен, тілге жүйрік қатысушыларымыз тағы бір мәрте тілінің байлығын паш етті. Ойын қорытындысы бойынша 6 А сынып оқушылары жеңімпаз болды. Іс-шара оқушыларымыздың тілдерінің өтімді, ойларының ұшқыр болуына септігін тигізді. Оқушылардың тілге деген қызығушылықтары арта түскеніне куә болдық.

Шу ауданы білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 5 ақпан күнінің жоспарға сәйкес «Тіл – ұлттың жаны, әдебиет – ұлттың айнасы» атты айлығындағы "Тіл — қазына" апталығында оқушыларға қазақ тілінің қоғамдағы рөлі, мәртебесі және болашағы туралы терең талқылауға мүмкіндік беру, шешендік дағдыларын шыңдау үшін "Тіл — парасат" дебаты өтті. Дебат спикерлері 8-сынып оқушылары: Бештон Еркенұр, Әбдуали Әдемі, Жасұзақ Диана, Қонысбай Әмина болды. Олар "Тілдің болашағы мен мәртебесі" тақырыбында жан-жақты іздене отырып, әр топ сенімді сөйлей білді, өз позицияларында нақты, қысқа әрі күшті аргументтерді қолдана білді. Оқушылардың өздеріне деген сенімдері артып, тілге деген қамқорлық сезімдері арта түсті. Пікір сайыс өз дәрежесінде өтті.



