Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі" КММ
Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында "Заң және тәртіп" айлығының жоспарына сәйкес.
Білім алушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне құрметпен қарауға, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиеле мақсатында "Буллингтің қорған!" алдын алу іс-шаралары аясында сынып сағаттары өткізілді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, адалдық пен әділдік қағидаттарын түсіндіру арқылы құқықтық сананы арттыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" сынып сағаттары жүргізілді.

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 12.01.2026- 30.01.2026ж аралығында тарих, құқық негіздері пәндерінің айлығының жоспарына сәйкес «ХХІ ғасыр көшбасшысы» 11 сыныптар арасында өтті.
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін, логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығын арттыру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
Жеңіске жеткен оқушы Айнақұл Айқын.
Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 12.01.2026- 30.01.2026ж аралығында тарих, құқық негіздері пәндерінің айлығының жоспарына сәйкес
Қазақстан тарих пәні 8 сыныпта Ашық сабақ өтілді. Тақырыбы: Ұжымдастыру
Оқу мақсаты:
8.4.1.2 – күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау;
8.1.1.1 – демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау;
8.3.1.7 – ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау.
Сабақ мақсаты: – Әміршіл-әкімшіл жүйенің ұжымдастыру әдістерін (тәркілеу, зорлап отырықшыландыру, салық) талдайды; – 40 миллион малдың 4 миллионға дейін қысқару себептерін және оның демографиялық апатқа (ашаршылыққа) әкелу жолын түсіндіреді;
Ашық сабақ өз деңгейінде өтті, оқу мақсатына жетті.

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 16 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында "Заң және тәртіп" айлығының жоспарына сәйкес. 10 сынып оқушыларымен «Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз болашақ» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді.



