Шу ауданы білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 5 ақпан күнінің жоспарға сәйкес «Тіл – ұлттың жаны, әдебиет – ұлттың айнасы» атты айлығындағы "Тіл — қазына" апталығында оқушыларға қазақ тілінің қоғамдағы рөлі, мәртебесі және болашағы туралы терең талқылауға мүмкіндік беру, шешендік дағдыларын шыңдау үшін "Тіл — парасат" дебаты өтті. Дебат спикерлері 8-сынып оқушылары: Бештон Еркенұр, Әбдуали Әдемі, Жасұзақ Диана, Қонысбай Әмина болды. Олар "Тілдің болашағы мен мәртебесі" тақырыбында жан-жақты іздене отырып, әр топ сенімді сөйлей білді, өз позицияларында нақты, қысқа әрі күшті аргументтерді қолдана білді. Оқушылардың өздеріне деген сенімдері артып, тілге деген қамқорлық сезімдері арта түсті. Пікір сайыс өз дәрежесінде өтті.



