Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі" КММ

МЕНЮ

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 29 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында

Отбасы мүшелерінің білімін, логикалық ойлау қабілетін арттыру, отбасылық ынтымақтастықты нығайту, зияткерлік бәсекеге қызығушылығын ояту.

Сондай-ақ балалардың әл-ауқаты мен үйлесімді дамуының негізгі ретінде позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру мақсатында Ж.Дуанбаеваның ұйымдастыруымен отбасылар арасында "IQ отбасы" -отбасылық зияткерлік жарысы өткізілді.

         

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 20 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында "Заң және тәртіп" айлығының жоспарына сәйкес.

Құндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын арттыру.

Әрбір отбасы мүшесінің жеке шекарасын, мәдени және діни дәстүрлерін құрметтеу-сенімді қарым-қатынас орнатуға және бірлікті нығайтуға ықпал ету.

Сондай-ақ саналы тәрбие, сапалы білім беруде салауатты ұрпақ қалыптастыруда мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігін қалыптастыру мақсатында

"Бала тәрбиесі: Қоғам назары және отбасы құндылықтары!" атты тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізілді.

Отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуды тек қана мемлекеттік бағдарламаларға сүйенбей, ұлттық мүддені биік қоятын әрбір отбасы, әрбір азамат өзінің парызы ретінде санауы керек. Әрбір отбасында өскен тәрбиелі, білімді ұрпағымыз еліміздің ертеңгі өмірінің қандай болатынының кепілі.

       

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 16 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында

Мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастығын арттыру. Сондай-ақ отбасының, білім беру мекемесінің, қоғамның байланысын нығайтуға жәрдемдесу,  мектептің қызмет ету тәртібі туралы ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету мақсатында

Жоспарға сәйкес кезекті  II отырысы өткізілді.

Күн  тәртібінде:

- 2025-2026 оқу жылының I-жарты жылдығы бойынша оқушылардың білім сапасы мен жетістіктер және"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын аясында атқарылған жұмыстар туралы есебі берілді

- Балаларға қарсы зорлық-зомбылық тың алдын алу және болдырмау мәселелері бойынша ата-аналардың құзіреттілігін арттыру туралы айтылды

- Баланы тәрбиелеуде ата-ананың рөлі және психологиялық қолдау көрсету" тренинг ұйымдастырылды.

Мектеп директоры Қойбағар Раушан Үшкемпірқызы жиналыс барысында жетістікке жеткен оқушылардың ата-аналарына "Алғыс хат" беріп марапаттады. Сонымен қатар өз тарапынан ата-аналарға бүгінгі таңда қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін сақтау туралы айтып, пайдалы ақпараттармен бөлісті. Ата-аналарға арналған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары назарға алынып ата-аналар тарапынан жауапкершілікке алынды.

Ата-аналар комитетінің төрайымы Нарымбетов Айжан Таңатарқызы мектеп ұжымының I-жарты жылдықта атқарылған жұмыстарына оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

                   

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Еңбекші орта мектебі" КММ