Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі" КММ
Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 22 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша "Заң және тәртіп" айлығының аясында Білім алушыларға құндылықтарды насихаттау мен ұстану, заңға бағынушылықты арттыру және оқушылардың құқықтық мәдениетін дамыту мақсатында
8-11 сынып оқушыларына ("Не книжные закладки") қысқаметражды фильм көрсетіліп фильм оқушылар арасында талқыланды

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 22 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында
Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шахматтан Шу
ауданының 5-6, 7-8, 9-11 сыныптың оқушылары арасында шахматтан финалдық "Мектеп лига" жарысы өтті. Нәтижесінде Еңбекеші орта мектебінің 7-8, 9-11 сынып оқушылары жүлделі II-орынды иеленгені үшін марапатталды. Сонымен қатар аудандық 5-6 сынып оқушылар арасындағы өткізілген "Мектеп лига" жарысында шахматтан мектебіміз жүлделі I-орынға иеленгені үшін марапатталып, облысқа жолдама алып мектебіміздің абыройын асқақтата білді.
Алдағы уақытта облыстық жарыста аудан намысын қорғайтын болады сәттілік тілейміз!

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 20 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында "Заң және тәртіп" айлығының жоспарына сәйкес.
Жас өспірімдер арасындағы қылмыстық істерді болдырмау және қаңғыбастықтың алдын алу мақсатында Еңбекші ауыл көшелерінде, дүкен орындарында кешкілік мезгілдегі "Түнгі ауылдағы балалар!" бойынша ерікті түрде ер мұғалімдер арасында кезекшілік құрылып рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейд барысында кәмелетке толмағандар арасында келеңсіз жағдайлар орын алған жоқ.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған.

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 16 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында "Заң және тәртіп" айлығының жоспарына сәйкес.
Оқушыларға интернет алаяқтықтың түрлері туралы түсінік қалыптастыру, киберқауіпсіздік мәдениетін арттыру және алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында
Абашов Нұрлан Арыстанбекұлы - Ескі Шу ауылдық округы әкімдігі аппаратының әкімі
2. Кожагулов Ғалымжан Шаймурзинович - Ескі Шу ауылдық округы әкімдігі бас маманы
3. Айтқан Аяулым Казизханқызы - Ескі Шу ауылдық округы әкімдігінің бас маманы
"Интернет алаяқтық-заманауи қауіп" атты тақырыбында білім алушылар арасында кездесу өткізіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Міндеттері
1)Интернет алаяқтықтың кең таралған түрлерін (фишинг, жалған аккаунттар, жалған ұтыстар, онлайн саудадағы алаяқтық) түсіндіру;
2)Жеке деректерді (ЖСН, банк картасының деректері, құпиясөздер) қорғаудың маңызын жеткізу;
3)Алаяқтық белгілерін дер кезінде тануға үйрету;
4)Күдікті жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету жолдарын көрсету;
5)Оқушылардың интернеттегі жауапкершілігін арттыру.



