Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі" КММ

МЕНЮ

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында  қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша 2026 жылдың 08.01.2026 – 31.01.2026ж аралығында  "Заң және тәртіп" айлығының жоспарына сәйкес. 20-қаңтар күні "Буллинг" сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию,адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру мақсатында  10-сыныптар арасында "Буллингтен қорған" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар мен қасиетімізді қастерлей білуге тәрбиелеу және ұлттық ойындарымызды дәріптеу мақсатында Асық атудан Шу ауданының 5-6, 9-11 сынып оқушылары арасында Асық атудан финалдық «Ұлттық Мектеп Лига» жарысы өтті.

Нәтижесінде Еңбекші орта мектебінің 5-6, 9-11 сынып оқушыларф жүлделі ІІ орын иеленді. Сонымен қатар 5-6 сынып оқушылар арасында Бес асықтан өткізілген финалдық «Ұлттық Мектеп Лига» жарысында І орын иеленді. Мектебіміздің абройын асқақтата білді. Алдағы уақытта облыстық жарыста аудан намысын қорғайтын болады, Сәттілік тілейміз!!!

Жетекшілері: А.Дүйсекбаев, А.Аманқұлов

  

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 12.01.2026- 30.01.2026ж аралығында тарих, құқық негіздері пәндерінің айлығының жоспарына сәйкес 5-6 сынып оқушылары арасында білімдерін жүйелеу, ойлау қабілетін, шапшаңдық пен тапқырлықты дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, бәсекелестікке тәрбиелеу мақсатында «Білім көкпар» атты  жарыс өткізді.

   

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 12.01.2026- 30.01.2026ж аралығында тарих, құқық негіздері пәндерінің айлығының жоспарына сәйкес 7-сынып оқушылар арасында білімдерін жүйелеу, ойлау қабілетін, шапшаңдық пен тапқырлықты дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, бәсекелестікке тәрбиелеу мақсатында «Білімділер алаңы» атты зияткерлік жарыс өткізді. Зияткерлік сайысқа екі топ қатысты:

  1. «Ұлы дала мұрагерлері»
  2. «Тарих тұғыры»

Жарыс қорытындысы бойынша «Ұлы дала мұрагерлері» командасы жеңіске жетті.

      

 

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Еңбекші орта мектебі" КММ