Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі" КММ
Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 29 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша "Заң және тәртіп" айлығы аясында
Білім алушыларға қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, әдептілікке, сыпайылыққа, төзімділікке баулып, әр тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу.
Қыз баланың ең керекті-нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру мақсатында
"Қыз жібек" қыздар клубының жылдық жоспарына сәйкес 6-7 сыныптар бойынша қыздар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, мектеп психологі Н.Баясова жиналыс барысында 6–7 сынып қыздарына қызықты, қауіпсіз әрі сенімділік беретін психологиялық ойын-жаттығуларын ұйымдастырды.
1. «Мен-ерекше қызбын»
Мақсаты: өзін-өзі бағалауды көтеру
2. «Көңіл-күй смайлигі»
Мақсаты: эмоцияны тану
3 «Айна»
Мақсаты: өзін қабылдау
4. «Құпия қобдиша»
Мақсаты: ішкі сезімді шығару
«Мені мазалайтын бір нәрсе…» – деп жазады (аты-жөнсіз).
Психолог бірнешеуін оқып, жалпы кеңестер берілді.

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 26, 27 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында Білім алушылардың сергіту үзілісін көңілді және тиімді өткізу. Бір-біріне сыйластық пен қарым-қатынас ұйымшылдығын арттыру. Сабаққа деген көңіл-күйлерін көтеру мақсатында 6 сыныптар арасында көңілді қоңырау кезінде "САНА" және "БІЛГЕНІҢ ӨЗІҢЕ ЖАҚСЫ" атты ойнайтын қызықты, ойындары ұйымдастырылды.

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 30 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша "Заң және тәртіп" айлығының аясында Білім алушылардың бойына құндылықтарды насихаттау мен ұстану, заңға бағынушылықты арттыру және оқушылардың құқықтық мәдениетін дамыту мақсатында
"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының арасында "Бала құқығы-асыл қазына" атты тақырыбында дебат-пікрсайыс турнирі ұйымдастырылды.
Жас ұрпақтың бойында өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін дамыту шешендік және пікірталас ережелерін үйрету Дауларды дипломатиялық жолмен шешу қабілеттерін ояту Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асырудың жаңа идеяларын анықтау арқылы маңызды іс-шара өткізілді.

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 28 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша "Заң және тәртіп" айлығының аясында "Қыз Жібек" қыздар ұйымына ерте жүктіліктің денсаулыққа, психологиялық және әлеуметтік өмірге тигізетін зиянын түсіндіру, жауапты мінез-құлыққа және саналы таңдау жасауға тәрбиелеу.
Қыз тәрбиесі, отбасы және адамгершілік құндылықтарын кең көлемде насихаттау шараларын күшейту. Құндылықтарды насихаттау мен ұстану, заңға бағынушылықты арттыру және қыздар ұйымының құқықтық мәдениетін дамыту мақсатында
8-11 сыныптың қыздар ұйымының арасында Мектеп директоры
Р. Қойбағар, қыздар ұйымының жетекшісі А.Есеналиева, аға тәлімгер Т. Бабалиева, мектеп медбикесі Д.Серкебаева және мектеп психологі Н.Баясованың қатысуларымен бірлескен кең ауқымды ақпаратық жұмыстар жүргізілді.
Санитарлық-гигиеналық сауаттылығын арттыру, қыздар физиологиялық ерекшеліктері туралы және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша Д. Серкебаева дәрістер берді.
Сондай-ақ мектеп психологі Н.Баясова "Шындықпа, жалғанба?", "Жақсы тілек поштасы" атты тренинг, жылы қолдау, қарым-қатынас орнату мақсатында қызықты ойындар жүргізді.



