Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі" КММ
Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылы 8 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында 11-сынып жетекшісі Отарбаева Д.Б. ата- аналар жиналысы өткізді.
*Жиналыстың мақсаты*:
- Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту;
- Бірінші жарты жылдықтағы оқушылардың *білім сапасы*, *үлгерімі*, *тәртібі* туралы ақпаратпен бөлісу;
- *ҰБТ-ға дайындық барысын*, алда тұрған маңызды кезеңдерді талқылау.
Оқушы болашағы — ата-ана мен ұстаздың ортақ жауапкершілігі. Сіздермен бірлесе отырып, нәтижелі жұмыс атқарамыз деген сенімдеміз!

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2025 жылдың 12 желтоқсан күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында Эмоцияларды саналы түрде басқару дағдысын дамыту; баланы қиын жағдайларда қолдауға арналған құралдар беру мақсатында "Ішкі күш" тренингтік бағдарламасы негізінде 2 -кездесу бойынша "Эмоциялар және оларды білдіру жолдары" атты тақырыбында 8-9 сыныптың ата-аналарына арналған "Ішкі күш" тренингтік іс-шарасы өткізілді.

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде,2025 жылдың қараша айында жасөспірімдер арасында , аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша , ата-аналарға “Мінез-құлықтағы күрт өзгерістер; ата-анаға ескерту синалдары” тақырыбында психологиялық жадынама таратылып, ата-аналардан кері байланыс алынды.

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2025 жылдың 26 қараша күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында Білім алушыларға насыбай және оның салдары, есірткі заттардың, ішімдік ішу мен электрондық темекілер мен вейптерді тұтынудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында Мектеп медбикесі Д.Серкебаеваның қатысуымен білім алушылар арасында оқушылармен әңгімелесе отырып бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру, "Адам азса, заман тозады" оны жаңартуда, құрдымға құлдырату да өзімізге байланысты, өз өмірлеріне қауіп тудыратыны бойынша ескерту айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



