Шу ауданы білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 9 ақпан күнінің жоспарға сәйкес "Тіл — ұлттың жаны, әдебиет —ұлттың айнасы" атты айлықтың "Әдебиет — рухани мұра" тақырыбындағы апталықтың ашылу жиыны өтті. Жиында осы аптаның мақсат, міндеттерімен таныстырылды. Қазақ әдебиетінің классиктері — біздің рахани байлығымыз екені айтылып, ол кісілердің өсиет хаттарымен танысып шықты. "Рухани мұра картасы" атты жарыс жүргізіп, оқушылардың әдебиет классиктерін қаншалықты білетіндері туралы сынға түсіп, әдебиетке деген қызығушылықтары арта түсті.



