Шу ауданы білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 9 ақпан күнінің жоспарға сәйкес «Қазақ поэзиясының мұзбалағы» атты тақырыпта мұғалімдер арасында сайыс өтті. Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру, оның қазақ әдебиетіндегі айрықша орнын көрсету. Ақын өлеңдеріндегі терең ой, шынайы сезім, адамгершілік, махаббат, туған жерге деген сүйіспеншілік сияқты негізгі тақырыптарды талдау арқылы әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Мұқағали поэзиясының тәрбиелік мәнін түсіндіру, жас ұрпақты елін, жерін сүюге, адамды қадірлеуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, көркем мәтінді түсініп оқу, өз ойын еркін жеткізу, әдеби талдау жасау қабілеттерін дамыту. Сайыс қызықты да тартысты өтті. Жеңіске жеткен Есеналиева Айида Жанайдарқызы.


