Шу ауданы білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 2 ақпан күні Жоспарға сәйкес Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілінде сауатты сөйлеу мен жазу дағдыларын қалыптастыру, тілдік білімін тереңдету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қазақ тілін күнделікті қарам-қатынаста баулу мақсатында "Қазақ тілі ұлттың тірегі" атты тақырыпта Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің айлығы салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.



