Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 12.01.2026- 30.01.2026ж аралығында тарих, құқық негіздері пәндерінің айлығының жоспарына сәйкес
Қазақстан тарих пәні 8 сыныпта Ашық сабақ өтілді. Тақырыбы: Ұжымдастыру
Оқу мақсаты:
8.4.1.2 – күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау;
8.1.1.1 – демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау;
8.3.1.7 – ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау.
Сабақ мақсаты: – Әміршіл-әкімшіл жүйенің ұжымдастыру әдістерін (тәркілеу, зорлап отырықшыландыру, салық) талдайды; – 40 миллион малдың 4 миллионға дейін қысқару себептерін және оның демографиялық апатқа (ашаршылыққа) әкелу жолын түсіндіреді;
Ашық сабақ өз деңгейінде өтті, оқу мақсатына жетті.



