Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі" КММ

МЕНЮ

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 12.01.2026- 30.01.2026ж аралығында тарих, құқық негіздері пәндерінің айлығының жоспарына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Білім алушыларға жеке тұлғаның құқықтары туралы түсінік қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, өмірлік жағдаяттарда өз құқығын қорғау жолдарын үйрету мақсатында «Өз құқығыңды біл – өзіңді қорға» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

     

 

Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында  қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша 2026 жылдың 13 қаңтар күні   "Заң және тәртіп" айлығының жоспарына сәйкес. Білім алушыларға ұялы телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру, ұялы телефонды оңтайлы пайдалануға тәрбиелеу, білім алушылар қазіргі заманға лайық техникалық құралдарды пайдалануда ақпараттық мәдениетті болуын қалыптастыру мақсатында Бала өкілдіктері мен "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен "Ұялы телефонды дұрыс пайдалану мәдениеті" тақырыбында түсіндіру шаралары жүргізілді.

Сондай-ақ "Заң-бәріне ортақ! тақырыбында оқушылар арасында желіде тараған видеоға қатысты талдау жүргізілді.

"Заң және тәртіп" айлығы-жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, адал азамат қалыптастыруға бағытталған маңызды кезең.

  

Шу ауданы білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 14 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында Оқушыларды жоғарғы оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға ,болашақ мамандығын таңдауға жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда  тиянықты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру, әр түрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында

 "Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент" тақырыбында  студенттер Картеңбай Аделья, Төленді Зере, Аманжол Ақтоты есімді студенттермен оқушылар арасында ашық кездесу өткізілді.

  

 

Шу ауданының білім бөліміне қарасты  Еңбекші орта мектебінде 2026 жылы 8 қаңтар  күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында 11-сыныпта ата- аналар жиналысы өткізілді.

 Жиналыстың мақсаты:

- Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту;

- Бірінші жарты жылдықтағы оқушылардың білім сапасы, үлгерімі, тәртібі туралы ақпаратпен бөлісу;

- ҰБТ-ға дайындық барысын, алда тұрған маңызды кезеңдерді талқылау.

Оқушы болашағы — ата-ана мен ұстаздың ортақ жауапкершілігі.

 

Сіздермен бірлесе отырып, нәтижелі жұмыс атқарамыз деген сенімдеміз!

     

 

 

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Еңбекші орта мектебі" КММ