Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 29 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша "Заң және тәртіп" айлығы аясында
Білім алушыларға қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, әдептілікке, сыпайылыққа, төзімділікке баулып, әр тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу.
Қыз баланың ең керекті-нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру мақсатында
"Қыз жібек" қыздар клубының жылдық жоспарына сәйкес 6-7 сыныптар бойынша қыздар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, мектеп психологі Н.Баясова жиналыс барысында 6–7 сынып қыздарына қызықты, қауіпсіз әрі сенімділік беретін психологиялық ойын-жаттығуларын ұйымдастырды.
1. «Мен-ерекше қызбын»
Мақсаты: өзін-өзі бағалауды көтеру
2. «Көңіл-күй смайлигі»
Мақсаты: эмоцияны тану
3 «Айна»
Мақсаты: өзін қабылдау
4. «Құпия қобдиша»
Мақсаты: ішкі сезімді шығару
👉«Мені мазалайтын бір нәрсе…» – деп жазады (аты-жөнсіз).
Психолог бірнешеуін оқып, жалпы кеңестер берілді.



