Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылы 8 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында 11-сынып жетекшісі Отарбаева Д.Б. ата- аналар жиналысы өткізді.
*Жиналыстың мақсаты*:
- Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту;
- Бірінші жарты жылдықтағы оқушылардың *білім сапасы*, *үлгерімі*, *тәртібі* туралы ақпаратпен бөлісу;
- *ҰБТ-ға дайындық барысын*, алда тұрған маңызды кезеңдерді талқылау.
Оқушы болашағы — ата-ана мен ұстаздың ортақ жауапкершілігі. Сіздермен бірлесе отырып, нәтижелі жұмыс атқарамыз деген сенімдеміз!



