Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 16 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында
Мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастығын арттыру. Сондай-ақ отбасының, білім беру мекемесінің, қоғамның байланысын нығайтуға жәрдемдесу, мектептің қызмет ету тәртібі туралы ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету мақсатында
Жоспарға сәйкес кезекті II отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
- 2025-2026 оқу жылының I-жарты жылдығы бойынша оқушылардың білім сапасы мен жетістіктер және"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын аясында атқарылған жұмыстар туралы есебі берілді
- Балаларға қарсы зорлық-зомбылық тың алдын алу және болдырмау мәселелері бойынша ата-аналардың құзіреттілігін арттыру туралы айтылды
- Баланы тәрбиелеуде ата-ананың рөлі және психологиялық қолдау көрсету" тренинг ұйымдастырылды.
Мектеп директоры Қойбағар Раушан Үшкемпірқызы жиналыс барысында жетістікке жеткен оқушылардың ата-аналарына "Алғыс хат" беріп марапаттады. Сонымен қатар өз тарапынан ата-аналарға бүгінгі таңда қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін сақтау туралы айтып, пайдалы ақпараттармен бөлісті. Ата-аналарға арналған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары назарға алынып ата-аналар тарапынан жауапкершілікке алынды.
Ата-аналар комитетінің төрайымы Нарымбетов Айжан Таңатарқызы мектеп ұжымының I-жарты жылдықта атқарылған жұмыстарына оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.



