Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 20 қаңтар күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында "Заң және тәртіп" айлығының жоспарына сәйкес.
Құндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын арттыру.
Әрбір отбасы мүшесінің жеке шекарасын, мәдени және діни дәстүрлерін құрметтеу-сенімді қарым-қатынас орнатуға және бірлікті нығайтуға ықпал ету.
Сондай-ақ саналы тәрбие, сапалы білім беруде салауатты ұрпақ қалыптастыруда мектеп, ата-ана, ұстаз бірлігін қалыптастыру мақсатында
"Бала тәрбиесі: Қоғам назары және отбасы құндылықтары!" атты тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізілді.
Отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуды тек қана мемлекеттік бағдарламаларға сүйенбей, ұлттық мүддені биік қоятын әрбір отбасы, әрбір азамат өзінің парызы ретінде санауы керек. Әрбір отбасында өскен тәрбиелі, білімді ұрпағымыз еліміздің ертеңгі өмірінің қандай болатынының кепілі.



