Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебі
2026 жылы 23 қаңтар күні ""Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында
Білім алушылар бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөздермен ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында
Өзін-өзі басқару ұйымының жоспарына сәйкес мектеп парламенті қамқорлық фракциясының ұйымдастыруымен "Қолғанат" еріктілер тобы "Қарты бар үйдің қазынасы бар" дегендей ауылымыздың қарты, Ауданның құрметті азаматы Дуанбаев Кеңесбек атаның үйіне барып, қар тазалау жұмыстарына кішігірім қол қабыс етіп, жәрдем көрсетіп үлкен батасын алды


