Шу ауданының білім бөліміне қарасты Еңбекші орта мектебінде 2026 жылдың 15 қаңтар күні қамқоршылық кеңес отырысы өтті.
Отырыстың мақсаты – білім беру процесіне қатысушылардың оқыту, тәрбиелеу, өмірі мен қызметінің сапасын арттыру. Жиын барысында мектеп директоры Қойбағар Раушан Үшкемпірқызы 2025–2026 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша оқушылардың білім сапасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Сонымен қатар, жеңілдетілген санаттағы оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі де қаралды.
Қамқоршылық кеңес төрағасы Даданбаев Асылхан Тоқтасынұлы мектеп ұжымының жұмысына оң баға беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.



